Намазды тәкбір тахрима айтумен бастаудың артықшылығы
Намазды тәкбір тахрима айтумен бастаудың артықшылығы
Әнас ибн Мәлік (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аттан жығылып, оң жағы сырылып кетті. Намазды отырған күйі оқыды. Сонда бізде отырып оқыдық. Намазды оқып болған соң бізге бұрылып: «Имам ұйымақ үшін имам қылынған, егер ол тік тұрып оқыса, тік тұрып оқыңыз, рүкүғ қылса, сідер де рүкүғ қылыңыздар. Егер «Самиғаллаһу лиман хамидаһ»,- десе «Рәббәна ләкалхамд»,- деп айт!»,-деді.
Әнас ибн Мәлік (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аттан жығылды, оң жағы сырылып, жарақаттанып қалды. Сонда бізбен бірге отырған күйі намаз оқыды. Сонда біз де отырып оқыдық. Намазды оқып болған соң бізге бұрылып: «Имам ұйымақ үшін имам қылынған, егер ол тәкбір тахрима айтса, сендер де тәкбір тахрима айтыңдар, рүкүғ қылса, сендер де рүкүғ қылыңдар, рүкүғтан тұрса, сендер де тұрыңдар. Егер «Самиғаллаһу лиман хамидаһ»,- десе «Рәббәна ләкалхамд» деп айтыңдар! Сәжде қылса, сендер де сәжде етіңдер»,-деді.
Әбу Хурайра (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Имам ұйымақ үшін имам қылынған, егер имам тәкбір тахрима айтса, сендер де тәкбір тахрима айтыңдар, рүкүғ қылса, сендер де рүкүғ қылыңдар, рүкүғтан тұрса, сендер де тұрыңдар. Егер «Самиғаллаһу лиман хамидаһ»,- десе «Рәббәна ләкал хамд» деп айтыңдар! Сәжде қылса, сендер де сәжде етіңдер, отырып оқыса, сендер де отырып оқыңдар!»,-деді.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
sunna.kz