Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Шәкірттер арасында Құран жарысы өтті

0 189

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Аналар мектебінің ұйымдастыруымен мешітімізде білім алып жатқан шәкірттердің арасында құран жарысы ұйымдастырылды.

Жарысқа әділқазылық етуге «Әазірет сұлтан» мешітінің ұстазы Жукенова Зарина, Республикалық Бас мешіттің ұстазы Айтжан Фарида, Астана медресе-колледжінің ұстазы Умиртаева Аружан келді.

Жарыс 5 номинация бойынша өтті:
1. Намазда оқылатын дұғалар;
2. Фил – Нәс сүрелері бойынша;
3. Духа – Нәс сүрелері бойынша;
4. 30 – пара бойынша;
5. Мәнерлеп оқу бойынша.

Әрбір номинациядан кейін ұстаздар кезегімен шәкірттерге Құранның қасиеті мен мұғжизалығы, оны жаттаудың тиімді жолдары және онымен амал ету жайлы уағыз насихаттарымен жиналған жамағатты сусындатты.

Жарыстың жеңімпаз шәкірттер алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.