Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Салауаттың үлгілері

0 2  730

Әс-салатул-Мунджия

Оқылуы: Аллааһумма съалли ғәләә сәййидинәә Мухаммадиу-уа ғәләә әәли сәййидинәә Мухаммад саләәтән тунжиинәә биһәә мин жәмииғил-әһуәәли уәл-әәфәәт, уә тақ’дий ләнәә биһәә жәмийғәл-хәәжәәт, уә тутәһһирунәә биһәә мин жәмийғис-сәий’әәт, уә тәрфәғунәә биһәә ғиндәкә әғләд-дәрәжәәт, уә тубәллиъғунәә биһәә әқсаал-ғъаайәәти мин жәмииғил-хъайрәәти фийл-хәйәәти уә бәғдәл-мәмәәт, иннәкә ғәләә күлли шәйиің қадийр.

Мағынасы: Уа, Алла! Асыл мырзамыз Мұхаммедке және асыл мырзамыз Мұхамметтің әулетіне салауатыңды жолда әрі сол салауат арқылы бізді барлық қауіп-қатер мен апаттардан сақтай гөр. Барлық қажеттіліктерімізді өтей гөр. Барлық жамандықтардан жуып тазалай гөр.Өзіңнің дәргейіңдегі дәрежелердің биігіне көтер, дүние тіршілігінде және өлгеннен кейінгі барлық игіліктердің шегіне жеткізе гөр! Расында, Сенің күш-құдіретің барлық нәрсеге жетеді.

Әс-Салатул-Фатхия

Оқылуы: Аллаhумма съалли ғәләә сәййидинәә Мухаммадинил-фәәтихи лима уғълиқ, уәл-хъаатими лимәә сәбақ’, уә нәәсирил-хәқ’қи биль-хәқ’қ, уәл-hәәдий иләә съираатъикәл-мүстәқийми  уә ғәләә әәлиhи хаққа қад’риhи уә миқ’дәриhил-ғәзъийм.

Мағынасы: Уа, Алла! Жабылған нәрсені ашатын, бұрынғыны аяқтаушы(Пайғамбарлардың соңы), Хаққа хақ арқылы жәрдем етуші, тура жолыңа бастаушы асыл мырзамыз Мұхаммедке және оның әулетіне өзінің ұлық қадір-қасиетіне лайықты түрде салауатыңды жолдағайсың!

Әс-Салатун-Нария

Оқылуы: Аллаhумма съалли сааләтән кәәмиләтән, уә сәллим сәләәмәән тәәммәән  ғъәләә сәийдинәә Мухәммәдинил-ләзий тәнхәллу биhил-ғуқад, уә тәнфәрижу биhил-кураб, уә туқ’зъаа биhил-хәуәәижу уә тунәәлу биhир-рәғъааиб, уә хус’нул-хъауәәтим, уә иүстәсқал-ғъамәәму биуәж’hиhил- кәрийм, уә ғәләә әәлиhи уәсъахбиhи фий кулли ләмхәтин уә нәфәсин биғәдәди күлли мәғ’луумин ләк

Мағынасы: Уа, Алла! Ол арқылы түйіндер шешілетін, қайғы-қасірет кетірілетін, қажеттер өтелетін, мұрат-мақсаттар мен көркем нәтижелерге қол жеткізілетін, жарқын дидары арқылы бұлттар жауын төгетін асыл мырзамыз Мұхаммедке және оның әулетіне һәм сахабаларына әрбір қас қағымның, әрбір шыққан демнің Өзіңе белгілі санындай мөлшерде кәміл салауатың мен толықтай сәлеміңді жолдай гөр!

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.