Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешітімізде жаңа дәріс басталды

0 818

31 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – “Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінде “Намаз оқып үйренейік” дәрісі басталды, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

Жаңа бастама аясында Бас имам Руслан Байзақов жаңадан намаз бастаушыларға дәріс жүргізді.

Жаңадан намаз бастаушы жамағатқа арналған шара аясында мешіт қызметкерлері намазға қатысты мәселелерді түсіндіріп, сауалдарға дәстүрлі Ислам құндылықтары бойынша жауап берді.

Жұма намазынан кейін де, жамағатқа дәлел-дәйектері бойынша таң намазын оқу туралы арнайы дәріс өткізілді.

Аталған шара жаңа жылда үздіксіз жалғасын таппақ.

Жаңа бастаманың мақсаты – халықты дұрыс діни ақпараттармен қамтамасыз етіп, жат ағымдардың алдын алу.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.