Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жамағат апталық дастарханда бас қосты

0 753

30 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде кезекті апталық дастархан жайылып, ауызашар берілді, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

Бас имам Руслан Байзақов және «Әлжан ана» мешітінің бас имамы Әділхан Серікбай арнайы қатысып, «Берекелі жамағат» шарасын жалғастырды.

«Әлжан ана» мешітінің бас имамы жиналған жамағатқа уағыз айтты.

«Исламдағы дүниенің сипаты» тақырыбында сөз қозғаған Ә.Серікбай асыл дініміздегі дүиенің маңызы мен мәні, қасиетті мәтіндердегі дүниенің сипаты жайлы ой қозғады. Сонымен бірге, ғибратты оқиғалармен қабыстыра отырып, әрбір мұсылманның дүниемен қатынасы туралы да тоқталып, дүниенің орныны жүректе емес қолда болуы керектігі жайын да қағыс қалдырмады.

Жиналған жамағат дін қызметкерлеріне дән ризашылығын білдіріп, алғыс айтып тарасты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.