Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

2021 жылы қанша мешіт салынғаны белгілі болды

0 540

30 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордада өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев жылдық есеп берді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Мешіт істері бөлімінің меңгерушісінің айтуы бойынша, биыл 68 мешіт ел игілігіне берілген.

«Бүгінгі таңда ҚМДБ-ға филиал болып тіркелген 2713 мешіт бар. Оның 19-ы – облыстық, аймақтық орталық мешіт, 394-і – қалалық мешіт, 178-і – аудандық мешіт және 2122-сі – ауылдық мешіт» деді Марат Жаппасбаев. Сондай-ақ еліміз бойынша жалпы 411 намазхана бар.

Айта кетейік, бүгінде Діни басқармаға қарасты 2713 мешіт пен 411 намазхана Google, Яндекс, 2Гис секілді электронды карталарға орналастырылып, мешіт атауымен бірге қойылды. Мүфтияттың ішкі masque.muftyat.kz электронды базаcына 2100 мешіттің толық мәліметі енгізілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.