Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ делегациясы – «Мекке халал форумында» (фото)

ҚМДБ делегациясы – «Мекке халал форумында» (фото)

0 230

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы бойынша «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы мен Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы Сауд Арабиясының Мекке қаласында «Халал арқылы тұрақты даму» тақырыбындағы «Мекке халал форумына» қатысуда.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Сауда министрі, доктор Мажид бин Абдулла әл-Касаби мырзаның қолдауымен ұйымдастырылған форумға Қазақстан Республикасының Джидда қаласындағы (Сауд Арабиясы) консулдығы және ҚР Сауда министрлігінің мамандары да қатысуда.

«Форумның негізгі мақсаты – халал стандартының бірыңғай жүйесін қалыптастыру арқылы халал өнімдерінің сапасын арттыру және мұсылман қауымына адал өнім ұсыну. Биылғы форумға 120 елдің өкілдері, 21 ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының президенті, 180-ден астам компания және 75 ресми мемлекет өкілі қатысуда. Іс-шара барысында 6000-нан астам келуші халал индустриясының өзекті мәселелерін талқылап, кәсіпкерлік ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік алды», – деген Айбек Асқарбекұлы отандық делегация да тәжірибе алмасу мақсатында форум аясында бірқатар кездесулер өткізіп, халықаралық әріптестік байланыстарды нығайту бағытында келіссөздер жүргізгенін хабарлады.

Сонымен қатар, делегация Сауд Арабиясы Корольдігінің жауапты органдарымен кездесіп, Қазақстанның халал индустриясын дамытуға бағытталған бастамалармен таныстырып, тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастыруда.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.