Елорда мешіттерінің Рамазан айына дайындығы пысықталды (фото)
Елорда мешіттерінің Рамазан айына дайындығы пысықталды (фото)
Республикалық бас мешітте кеңейтілген жиын өтіп, ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттердің алдағы қасиетті Рамазан айына дайындығы жан-жақты талқыланды.
Жиында ҚМДБ тарапынан бекітілген Рамазан жоспары таныстырылып, Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов мешіт бас имамдарына нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, өкілдіктің әр салаға жауапты мамандары баяндама жасап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Мешіттерде тарауих намазының өткізілу тәртібі, жамағатқа уағыз-насихат жұмыстары, ауызашар ұйымдастыру және қайырымдылық шараларын жүйелі түрде жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Санитарлық тазалықты сақтау және келушілерге барынша ыңғайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылды.
Айта кетейік, алдағы Рамазан айында елорда мешіттерінде түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, жамағатқа рухани-танымдық бағдарламалар ұсынылады.