Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті 50 отбасын қуантты (фото)

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті 50 отбасын қуантты (фото)

0 121

Қасиетті Рамазан айында садақа беріп, қайырымдылық жасау ең қайырлы істердің бірі болып саналады. Қол ұшын сұраған әрбір адамға көмек көрсету, жақсылық істеу – Рамазан айында сауабы еселенетін көркем істерден.   Алланың мейірімі мен шапағаты мол айда қайырымдылық жасауда жарысып, жақсылықтың сауабына кенелуді қалаған «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті кезекті қайырымдылық шараға атсалысты.

Алла Тағаланың Құранда айтылған «Қайырдан не істесеңдер де, күдіксіз Алла оны біледі» («Бақара» сүресі, 215-аят) деген өсиетіне амал еткен мешіт ұжымы әлеуметтік аз қамтылған мұқтаж 50 отбасыға қажетті азық-түлік себеттері үлестірді.

Көмек алушы кісілер мешіт қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдіріп, ізгі ниет-тілектерін жаудырды.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.