Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт ұжымы қарттар үйінде ауызашар берді (фото)

Мешіт ұжымы қарттар үйінде ауызашар берді (фото)

0 139

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұжымының ұйымдастыруымен қарттар үйіндегі ораза ұстаушы қарияларға арнайы ауызашар дастарханы жайылды.

Көктал қарттар үйінің қариялары мен ақ жаулықты әжелеріне арналған ауызашарда мешіт ұстазы Ерасыл Жайыров ауыз бекіткен ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға Рамазан айының қасиеті мен оразаның пайдасы жайында көркем насихат айтты.

Аузынан Алласы түспейтін ата-апалар аузын ашып, астан дәм татып, әңгімелерін айтып, келешек ұрпақтың қамы жайлы керемет әңгіме айтып керемет көңіл-күйге бөленді. Игі шараға ризалық танытқан қариялар мешіт ұжымына алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.