Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қадір түніне келген жамағатқа тегін автобус қызмет көрсетті (фото)

Қадір түніне келген жамағатқа тегін автобус қызмет көрсетті (фото)

0 216

Рамазан өзіне тән тағат-ғибадаттарымен, талап-шарттарымен ерекшеленеді. Қасиетті айда отыз күн бойы атқарылатын осындай құлшылықтың бірі – тарауық намазы. Қасиетті Қадір кешінде құптан намазы таяған уақытта «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне ағылған халық қарасы көп болды.

Қадір түнінде түнгі намазға жиылған жұртшылықтың үйлеріне қайтуына қолайлылық жасау мақсатында арнайы қоғамдық көліктер бөлінді.

Қасиетті түнде тарауық намазына мешітке келген жамағатты автобустар үйлеріне жеткізіп салды. Қала тұрғындары бұл іске дән ризашылығын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыс айтып жатты.

sunna.kz

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.