Қадір түні қариларға лайықты құрмет көрсетілді (фото)
Қадір түні қариларға лайықты құрмет көрсетілді (фото)
Мыңдаған жамағат қол жайып, Алла Тағалаға дұға еткен сауапты сәттен соң Рамазан бойы тарауық намаздарында имамдыққа шығып, жамағатты әуезді үнімен Құран сөзіне сусындатқан қариларымызға құрмет көрсетілді.Қадір түніне жиылған мұсылман қауымы жамағатпен құптан және тарауық намаздарын оқыды. Қасиетті Рамазан айы бойы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде бір ай бойы төрт бірдей білікті қари Құран Хатым еткен болатын.
Құрметті қариларымыз Мұратов Теміржан Өтежанұлы, Аюбай Нұрмұхаммед Көптілеуұлы, Джалназаров Бейбіт Мухамадиұлы, Абдулла Бердібекұлы бір ай бойы оқыған Құран хатым аяқталды.
Қасиетті Қадір түні көпшілікпен барша мұсылмандарға бағышталып, еліміздің ауызбіршілік-ынтымағы, халқымызға барша мұсылман қауымына барлық жақсылықтар тілеп, дұға жасалды.
Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген қариларымызға қазақы дәстүрге сай шапан жабылып, алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды. Мешіт ақсақалдары қариларға ақ батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.
sunna.kz