Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас имам Қадір түнінің қадір-қасиеті жайлы насихат айтты (фото)

Бас имам Қадір түнінің қадір-қасиеті жайлы насихат айтты (фото)

0 145

Қасиетті Қадір кешінде құптан намазы таяған уақытта «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне ағылған халық қарасы көп болды.

Қасиетті Қадір түні көпшілікпен барша мұсылмандарға бағышталып, еліміздің ауызбіршілік-ынтымағы, халқымызға барша мұсылман қауымына барлық жақсылықтар тілеп, дұға жасалды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақов хатым батасын жасап, жамағатқа Бас мүфтидің құттықтау сәлемін жеткізіп, Қадір түнінің қасиеті жөнінде насихат айтты.

Қариларға лайықты құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жауып, мешіт ақсақалы ақ батасын бергеннен кейін Руслан Нақыпбекұлы көпшілікке Қадір түнін құлшылық-ғибадатпен қалай өткізу керектігін, ислам дінінің құңдылықтарын жан-жақты түсіндірді.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.