Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт ақсақалдары Құранды жүзінен оқып, хатым дұғасын жасады (фото)

Мешіт ақсақалдары Құранды жүзінен оқып, хатым дұғасын жасады (фото)

0 275

Рамазан айы – Құран айы. Жәбірейіл періште (ғ.с.) рамазан айында Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Құранды үйрететін.

Мұсылманның бұл айда Құранды көп оқығаны абзал. Сахабалардан бастау алатын ізгі буын мұсылмандары да Құранға ерекше ден қоятын. Осман бин Аффан (р.а.) әр күні Құранды хатым ететін. Ал, кейбір ізгілер рамазанның әр үш күні тарауих намазында Құранды түгел оқып бітіретін.

Ізгілердің, саңлақ сахабалардың өнегелі жолына амал еткен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ақсақал шәкірттері мешіт ұстазы Саметов Сұңғат ұстазбен отыз күн бойы Құранды жүзінен хатым етіп, бүгін хатым дұғасын жасады.

Рамазан айы бойы күн сайын қасиетті Құранды хатым еткен ақсақал шәкірттерге мешіт атынан арнайы алғыс хат табысталды.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.