Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елорда имамдарының алқалы жиыны өтті

Елорда имамдарының алқалы жиыны өтті

0 52

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде елорда имамдарының алқалы жиыны өтті. Басқосу қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды.


Жиын барысында Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов биылғы «Ислам және адал қоғам» жылына орай жүзеге асырылатын негізгі бағыттарға тоқталды. Сондай-ақ елорда имамдарына жауапты куратор, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы басымдық берілген төрт бағыт аясында атқарылатын жұмыстарды атап өтіп, жауапкершілікпен еңбек етіп, нақты нәтиже көрсетуге шақырды.

Отырыста төрт бағытқа жауапты имам-ұстаздар өз салалары бойынша алдағы жоспарларын таныстырды.

Айта кетейік, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бағдарламалық баяндамасында 2026 жылды «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялаған болатын. Осыған сәйкес негізгі төрт бағыт бекітілді: ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, дәстүр және отбасы, жат ағымдардан сақтандыру.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.