Атыңды емес, жақсылығыңды таныса одан артық бақыт жоқ
Атыңды емес, жақсылығыңды таныса одан артық бақыт жоқ
Пайғамбарымыз Ұхұд шәһидтерінің жерлеуіне қатысып жүріп, былай дейді:– Амр ибн Жумух пен Абдуллаһ ибн Харамды бірге жерлеңдер. Ол екеуі бір-біріне бауыр еді, – дейді.
Адамдар арасында жақсылығымен қалудан артық адам үшін абырой бар ма?
«Мынау өткендегі садақа берген адам ғой!» десе қандай жақсы!
«Мынау ата-анасын қажылыққа апарып, батасын алып жүрген бала емес пе?» десе тамаша емес пе?
«Мынау мешіттен қалмайды», «мынау мына туысқанының үйінен шықпайды», «мынау бізге көмектесіп тұрады» деген сөздер қандай жақсы сөздер.
Ал атыңды емес, жақсылығыңды таныса одан артық бақыт жоқ…
Намазхан, шыншыл, оқымысты, ұқыпты, ықыласты, мейірімді, биязы, жанашыр деген атаулар жақсы емес пе?
материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,
sunna.kz