Айша анамыздан (р.а): «Пайғамбарымыз үйде не істейтін еді?» – деп сұрағанда:– Үй шаруаларына көмектесетін еді, намаз уақыты болғанда намазға шығатын – деп жауап берген. Әйеліңмен ас үйде жүруің еркектікке сын емес. Онымен бірге ыдыс тасуың, кірлерді жинастыруың, ол басқа шаруаларды істеп жатқанда сенің басқа үй шаруаларымен айналысуың сенің қадіріңді түсірмейді.
Киіміңді өзің үтіктеп, ең болмаса заттарыңды өзің жинағанда тұрған не бар? Пайғамбарымыз аяқ-киімін өзі реттеп, киімін өзі жамап, қойды өзі сауатын. Ал қазір, ол кісінің үмметіміз деп жүрген бізге үйде ішетін суымызға дейін не шешеміз, не әйеліміз алдымызға әкеліп береді. Дүние өткінші ғана, жұмсақ болуға тырысайық…
материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,
sunna.kz