Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы «Мәшһүр Жүсіп» қарилар даярлау орталығынан шыққан төртінші қариды таныстырды.
Облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде Али Абдисаматов қариға бас имам алғыс хат табыстап, батасын берді. 2020-2021 оқу жылы барысында Алланың кәламы болған қасиетті Құран Кәрімнің 114 сүресін бастан-аяқ толығымен жаттап қари болғанын жамағатқа сүйіншілеп, мешіт жамағаты мен демеушілері атынан қаржылай сый-сияпат тапсырды.
Бүгінгі таңда «Мәшһүр Жүсіп» қарилар даярлау орталығында он шақты шәкірт білім алуда. Орталықтың бағытына сәйкес Құран тәпсірі, тәжуид, ақида, хадис секілді пәндер оқытылады.
mazhab.kz