Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің пәтуасына сәйкес төмендегі жағдайларда ораза бұзылмайды:
1. Ұмытып ішіп-жеу. Алайда, мұндай жағдайда ораза екені есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтатуы керек;
2. Ораза күйінде ұйқыдан жүніп болып ояну;
3. Әйелін сүю немесе денесіне қолын тигізуі. Мұндай жағдайларда егер мәни шықпаса, ораза бұзылмайды;
4. Әйеліне қолын тигізбесе де оған қараудан немесе шәһуәтын қоздыратын жағдайларды ойлап мәни шықса;
5. Түнде жүніп болып, ғұсыл алуды сәресі уақытынан кейінге қалдыру;
6. Аузына келген қақырықты жұту;
7. Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсенің тамаққа кетуі;
8. Құлаққа су кіру, бұлық ағу;
9. Темекі түтіні немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары тамаққа еріксіз кірсе;
10. Тістердің арасында қалған ноқаттан кішкене тамақ қалдықтары жұту;
11. Еріксіз ауыз толы құсу немесе оның ішке қайта кетуі;
12. Қан алдыру немесе сүлік салдыру;
13. Көзге, құлаққа дәрі тамызу;
14. Мисуак немесе тіс пастасын қолдану. Бірақ пастасы ішке кетіп қалса бұзылады(Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып тістерді жуу);
15. Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт; 16. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет;
17. Душқа жуыну, теңізге, көлге түсу оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтып қоюдан сақтануы керек.
ummet.kz