Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қазақстандық делегация Сауд Арабиясына ресми сапармен барды

Қазақстандық делегация Сауд Арабиясына ресми сапармен барды

0 138

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған делегация Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапармен барып, маңызды жиындарға қатысты.

Алдымен сапар барысында Консультативтік кеңестің Төрағасы Абдалла бен Мұхаммед Әл-Аш-Шейхпен кездесу өтті. Кездесуде жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыру, заңнамалық тәжірибе алмасу және екі елдің парламенттік ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды. Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге де назар аударылды.

Сонымен қатар делегация САК Ислам істері, уағыз және насихат министрі Абдулатиф Әл-Аш-Шейхпен кездесіп, конфессияаралық диалогты нығайту және өзара байланыстарды жандандыру тетіктерін сөз етті. Сапар барысында делегация мүшелері «NEOM» мегажобасымен танысып, жасыл энергетика мен экология саласындағы тәжірибелерді зерделеді.

Делегация Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығы мен Дүниежүзілік ислам лигасы ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысып, әділетті және қауіпсіз әлем құру жолындағы рухани дипломатияның рөлін талқылады. Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілікке үндейтін жаһандық бастамаларына қолдау білдірілді. Бұл сапар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, діни және заңнамалық байланыстарды дамытуға жол ашпақ.

Айта кетейік, қазақстандық делегация құрамында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да болды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.