Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алла Тағаланың сүйіспеншілігіне қалай жете аламыз?

Алла Тағаланың сүйіспеншілігіне қалай жете аламыз?

0 93

Алла Тағаланың сүйіспеншілігіне біздер фәни дүниеден баз кешу арқылы жете аламыз, өйткені Ол Өзіне бойсұнғандарды жақсы көреді. Оның сүйіспеншілігі, көптеген аяттар мен хадистерде және адамзат тәжірибесі көрсеткендей, бұл дүниеге деген сүйіспеншілікпен сыйыспайды. Фәни жалған – ермек және ойын, ал Алла Тағала күнәларды және оларды жасаушыларды жек көргеніндей ойын мен ермекті де жек көреді.

Бұл дүниеге қатысты тыйым салынған сүйіспеншілік пенденің өз көңіл қалауын қанағаттандыруында, ләззат алуында және Алла Тағаладан алыстататын іс-амалдармен шұғылдануында көрініс табады. Дүние тіршілігінің игіліктерін тек жақсылықтар жасау және солар арқылы Алла Тағалаға жақын болу мақсатында жақсы көру мақтауға лайық.

Бұған байланысты хадистердің бірінде Пайғамбардың (с.а.с.): «Ізгі адам үшін туыстық қатынасын жалғап, жақсылық жасайтын ізгі байлық қандай жақсы!» (Ахмад) – дегені келген.

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.