Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Нұр-Мүбәрак университетінде халықаралық конференция басталды

Нұр-Мүбәрак университетінде халықаралық конференция басталды

0 75

Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университетінде «Орталық Азия және Қазақстандағы ислам: тарихи дәстүр және заманауи көзқарас» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.


Айтулы жиын қасиетті Құран аятын оқумен ашылып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дұға жасады. Сондай-ақ жиынның салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан мен Мысыр елдерінің гимні орындалды.

Конференция жұмысына ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Мысыр Уақыптар министрлігінің өкілі профессор Усәма Фахри Фикри әл-Жинди, Ресей мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Мәскеу Ислам институтының ректоры Дамир Мухетдинов, Мысырдағы әл-Азһар университетінің Шетелдік студенттерге арналған Ислам ғылымдары факультетінің деканы профессор Нахла әс-Сағиди, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Самаган Мырзаибраимов, Өзбекстан Діни басқармасы жанындағы Пәтуа орталығы директорының орынбасары Гуломжон Холбоев, Нұр-Мүбарак университетінің ректоры профессор Ахмад Хусейн Мухаммад Ибраһим және басқа да меймандар қатысуда.

Айта кетейік, конференция қазақ, араб, орыс және ағылшын тілдерінде өтуде. Конференция модераторы – Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Ершат Оңғар.



Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.