«Құмар ойын жарға жығады» тақырыбында дәріс оқылды (фото)
«Құмар ойын жарға жығады» тақырыбында дәріс оқылды (фото)
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы Жайыров Ерасыл 64 уақытша тергеу мекемесінде жеке құрамға «Құмар ойын-жарға жығады» тақырыбында дәріс жүргізді.
Насихат барысында мешіт ұстазы:
«Адам баласын екі дүниеде де зиянға ұшыратып, бақытсыздыққа жол бастаушы рухани дерттің бірі құмар ойынды ойнау. Алла қасиетті Құранда «Уа иман келтіргендер, арақ-шарап, құмар, табынуға арналған пұттар және жебелермен пал ашу шайтанның амалы сналатын лас істер. Ендеше одан аулақ болыңдар. Мүмкін құтыларсыңдар», деп айтқан. (Мәйда сүресі 90-аят) Аятта құмар ойнауды «лас» істеп айтуы және шайтанның ісі деп аталуы жайдан-жай емес. Себебі шайтанның басты мақсаты адамды азғырып азапқа душар ету. Ал аяттың «Мүмкін құтыларсыңдар»,-деп аяқталуыда тегін емес. Себебі құмар ойындарын тастау, оған алып баратын себептерге жоламау, одан құтылуға бір қадам болса да жеңіл болады. Ал енді осындай жағымсыз әдеттен арылған кісі мақсатына жетеді», – деп дәріс тыңдаушыларды ізгілікке шақырды.
sunna.kz