Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Алматы қаласында өткен Ғұламалар кеңесінің 45-мәжілісінде бірқатар пәтуалар қабылданды.
Мәжіліс барысында «Киберсквоттингпен айналысудың үкімі», «Киберспортпен шұғылданудың үкімі», «Коллагенді қолданудың үкімі» тақырыбында әзірленген пәтуалардың мазмұны талқыланып, қабылданды. Сондай-ақ «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі)», «Қазақ даласындағы отбасы құндылығы тұғырнамасы» сынды құжаттардың мазмұны бекітілді.
Мәжілісте қабылданған пәтуалардың мәтіні ҚМДБ-ның ресми масс-медиасында жарияланады.