XVI халықаралық «Ресей – Ислам әлемі: KazanForum 2025» аясындағы «2030: Халал индустриясының стратегиясы» сессиясында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Қасболатұлы халал саласындағы өзекті мәселелер мен болашақ даму бағыттарына арналған сессияға SMIIC, GCC Accreditation Centre, JAKIM, BPJPH сияқты беделді халықаралық ұйымдардың сарапшылары қатысты.
Наиб мүфти «Халал индустрия: діни талаптар мен экономикалық мүмкіндіктер» тақырыбында баяндама жасап, өз сөзінде халал ұғымының діни негіздерін түсіндіріп, өнім мен қызмет түрлерінің шариғатқа сай болу маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, халал индустриясының халықаралық нарықтағы орны мен мұсылман елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтудағы рөлін атап өтті.
Сессияда 2025–2030 жылдарға арналған халал индустриясының даму стратегиясы, халықаралық ынтымақтастық, стандарттарды өзара тану және инновациялық технологияларды енгізу мәселелері қызу талқыланды.