Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Құрбан айтқа қатысты Төралқа мәжілісі өтті

Құрбан айтқа қатысты Төралқа мәжілісі өтті

0 59

Бүгін Астанада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Құрбан айтқа қатысты Төралқа мәжілісі өтті.


Жиынға ҚМДБ қызметкерлері мен облыс Бас имамдары қатысты. Бас мүфти Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталып, нақты тапсырмалар берді.

Құрбан айтқа қатысты шариғи мәселелер бойынша наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы баяндады. Қажылық миссиясының атқаратын жұмыстары жөнінде наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы мәлімет берді.

Құрбан айтқа дайындық жұмыстары бойынша Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы баяндама жасады. Ақпараттық-насихат жұмыстарымен Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Сәбитұлы таныстырды.

Қайырымдылық бағытындағы жұмыстар туралы «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы мәлімет берді. Сайт пен цифрлық жұмыстардың жай-күйі туралы Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікқанұлы баяндады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.