Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Жәңгір ханның кесенесін зиярат етті

Бас мүфти Жәңгір ханның кесенесін зиярат етті

0 20

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына барған сапарында Бөкей ауданында Жәңгір ханның кесенесін зиярат етіп, баба рухына Құран бағыштады.


«Уа, Алла Тағала! Жәңгір хан бабамызды өз мейіріміңе бөлегейсің. Ел үшін жасаған игі істеріне мол сауаптан жазып, игілікке бөлегейсің. Еліміз бен жеріміз үшін аянбай еңбек еткен барша хан-сұлтандарымызға Өзің жар болғайсың. Тәуелсіздігімізді баянды ете гөр» деп дұға жасады Бас мүфти.

Айта кетсек, Жәңгір хан кесенесі – Батыс Қазақстан облысында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіш. Бұл кесене 1845 жылы қайтыс болған Жәңгір ханға арналып салынған. Ол Бөкей ордасының соңғы ханы, ағартушы, реформатор және елді жан-жақты дамытуға тырысқан тарихи тұлға.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.