Хәкімдердің сөзінен: «Төрт нәрсе төрт жерде жасырулы»
Хәкімдердің сөзінен: «Төрт нәрсе төрт жерде жасырулы»
Хәкімдердің кейбірі айтқан: «Төрт нәрсе төрт жерде жасырулы және төрт жерде бой көрсетеді:
- Алланың ризалығы бойсұнушылықта жасырулы және жомарт кісілердің үйінде бой көрсетеді.
- Алланың ашуы қателіктер мен күнәларда жасырулы және сараң адамдардың үйінде бой көрсетеді.
- Тұрмыстың кеңшілігі, молшылық сауапты істерде жасырулы және намаз оқушылардың үйінде бой көрсетеді.
- Тұрмыстың таршылығы – харам істерде жасырулы және намазға немқұрайлылық танытатын үйлерде бой көрсетеді».
Хәкімдердің біріне бір кісі өсиет айтуын сұрайды, сонда хәкім оған былай деп өсиет айтады:
Related Posts
- Раббыңа қиянат жасама.
- Адамдарға қиянат жасама.
- Өзіңе қиянат жасама.
- Раббыңа қиянат жасауың – Раббыңнан өзгеге табынуың.
- Адамдарға қиянат жасауың – оларды өзгелердің алдында жамандауың.
- Өзіңе қиянат жасауың – Алланың парыз еткендеріне немқұрайдылық танытуың…
материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,
sunna.kz