Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жүрек – амалдарды сақтайтын нәзік ыдыс

Жүрек – амалдарды сақтайтын нәзік ыдыс

0 60

Жүрек – амалдарды сақтайтын нәзік ыдыс: жүрек жасалған амалдарды сақтап, кейін оған таңба басады. Егер онда жинақталған амалдар игі болса, онда жүрек те ізгі, егер амалдар пасық болса жүрек те пасық.Пенденің мінезі мен жүріс-тұрысының өзгеруі нәтижесінде жүректің сыртқы көрінісі де өзгереді. Сондай-ақ оның саусаламаттық пен дерттің және бақыт пен бақытсыздықтың арасындағы халдері де ауытқып отырады. Жүректің жұмсақ немесе қатты болуы оның жоғары мәртебелі Алланың бұйрығына сәйкес ізгі амалдарды көптеп жасауы мен олардан бас тартып орындамауына байланысты екенін естен шығармаған жөн.

Жүрек – дене тәріздес: адам денесінің ауырғаны сияқты жүрек те ауырады. Жүрек дертінің шипасы – Аллаға тәубе жасау. Айнаның бетін шаң-тозаңның басатыны сияқты жүректі де кір басады. Оны жарқырату үшін Аллаһты еске алып, Оны ұлықтайтын сөздердің мағынасын түсініп айту қажет. Сондай-ақ жүрек жалаңаш дене сияқты күй кешеді. Оны әсем киімдермен киіндіру үшін тақуа болмақ лазым.

Асқазанның қарны ашқаны сияқты жүректе бір нәрсені аңсап сыздайды. Оның асы мен суы – білімге құштарлық, сүйіспеншілік және тәуекелшілдік пен тәубешілдік Жүректің дерті көп: жүрек науқастығының түрі өзін қоршаған жағдайлардың әсер етуіне байланысты өзгеріп отырады. Жүрекке әсерін тигізетін жағдай күшейген сайын жүректің дерті де үдейді.

Тіпті жүрек дертінің күшейгенінен оның іші-сырты жаман нәрсемен толысып, шындық жолынан тайып, тоқырайды. Соның салдарынан жүрек қайғылы жағдайға душар болып, мертке ұшырайды. Себебі жүрек өзінің иесін иман жолынан адастырып, күпірлік жолына алып келеді де, оны хайуандар деңгейіне түсіріп жібереді. Одан Алла сақтасын!

материал «Жүрек неге тасқа айналады?» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.