Бас мүфти Шымкент медресе шәкірттеріне дәріс оқыды
Бас мүфти Шымкент медресе шәкірттеріне дәріс оқыды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында «Шымкент медресе колледжінде» болып, білім алып жатқан шәкірттермен кездесті.
Кездесу барысында Бас мүфти «Иманнан ихсанға» тақырыбында дәріс оқыды. Ихсан ұғымының маңызына тоқталып, бұл – пенденің рухани кемелдікке жету жолындағы биік деңгейі екенін атап өтті.
«Адам баласы – Алланың ең көркем түрде жаратқан әрі құрметке лайықты еткен жаратылысы. Сондықтан мұсылман әрбір амалда ихсан деңгейін көздеп, Раббысына шүкірлік ретінде Оның әмірлерін көркем түрде орындауға ұмтылуы тиіс, – деді Бас мүфти.
Дәріс соңында Наурызбай қажы Тағанұлы шәкірттермен еркін форматта әңгімелесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.
Бүгінде Шымкент қаласындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент медресе колледжінде» 622 шәкірт білім алуда.