Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мүфтият атынан қазақстандық қажыларға дастарқан жайылды (фото)

Мүфтият атынан қазақстандық қажыларға дастарқан жайылды (фото)

0 147

Мекке қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан қазақстандық қажылардың құрметіне арнайы дастарқан жайылды.


Іс-шараға Қажылық миссиясының төрағасы Кенжетай Байкемелұлы, Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов, миссия мүшелері, 15 қажылық компаниясының жетекшілері, уағыз-насихатқа жауапты имамдар мен қажылар қатысты.

Рухани басқосу қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Бұдан кейін миссия төрағасы Кенжетай Байкемелұлы меймандарға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының дұғай сәлемін жеткізіп, қажыларға құт-береке тіледі және қажылық жөнінде насихат айтты.

Сонымен қатар, рухани шарада Бас консул Руслан Тобылұлы мен Қазақстан қажыларына қызмет көрсететін «Машариқ әл-Мутамаииза» мекемесі Басқарма кеңесінің мүшесі Хусам Шабана, Ислам тарихын зерттеуші белгілі ғалым Әшірбек Мүминов сөз сөйлеп, қажыларға ізгі тілегін арнады.

Мерекелік дастарқаннан кейін қонақтар Сауд Арабиясы Корольдігі Қажылық және ұмра министрлігінің ұйымдастыруымен ұсынылған көрмені тамашалады. Қажыларға арнайы әзірленген көрмеде қажылық пен Мекке қаласының тарихы, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі заманауи форматта көрсетілген.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.