Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қажыларымыз негізгі құлшылық рәсімдерін орындады (фото)

Қажыларымыз негізгі құлшылық рәсімдерін орындады (фото)

0 71

Қасиетті Мекке қаласында ұлы сапарда жүрген отандастарымыз Исламдағы бес парызының бірі – қажылықтың негізгі рәсімдерін орындады.


Қажыларымыз құлшылықтарын ихрам киіп, Мина жазығына жиналудан бастап, Арафатта күні бойы дұға етумен жалғастырды. Сөйтіп Арапа күні ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне сай Мұздалифада түнеді. Ал Құрбан айттың бірінші күні Жамаратта шайтанға тас лақтырып, одан кейін құрбан шалып, қасиетті Қағбаға тауап жасады. Сондай-ақ ертең Минаға жиналған қазақстандық қажылар Жамаратта шайтанға тас лақтыру рәсімін аяқтайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қажылық миссиясы ұйымдастыру-үйлестіру, уағыз-насихат, сұрақ-жауап және пәтуа беру, алғашқы дәрігерлік көмек, ақпарат тарату бағыттары бойынша қажыларға қызмет етуде. Миссия жанынан ашылған алғашқы медициналық көмек көрсету орталығы тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Қажыларымыздың денсаулығы дәрігерлердің бақылауында.

Айта кетейік, санаулы күндерден кейін қажыларымыздың алғашқы легі Жидда қаласы арқылы елге орала бастайды. Қалған бөлігі қасиетті Мәдина қаласындағы ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітін зиярат етеді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.