Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Құрбан айт қарсаңында бас мүфти қайырымдылық шарасына қатысты

Құрбан айт қарсаңында бас мүфти қайырымдылық шарасына қатысты

0 86

Құрбан айт мерекесі қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен бірнеше отбасына арнайы барып, мерекелік сәлемін жеткізді.


Бас мүфти мұқтаж жанұялардың шаңырағына бас сұғып, Құрбан айт құрметіне құрбандыққа шалынған мал етін, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік түрлерін, балаларға тәттілер мен сый-сияпаттар тарту етті.

Игі кездесуде Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айттың мұсылман жұрты үшін рухани-әлеуметтік маңызына тоқталып өтті.

– Құрбан айт – бірлік пен бауырмалдықты арттыратын ұлық мейрам. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жүзеге асырып келе жатқан Qurban.muftyat.kz онлайн қайырымдылық платформасы арқылы былтыр 136 мыңнан астам мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді. Бұл – халқымызға тән қайырымдылық пен бауырмалдықтың жарқын үлгісі, – деді Бас мүфти.

Қайырымдылық шарасы тұрғындардың ерекше ризашылығын тудырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.








Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.