Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астанада діни әдебиеттерді сараптауға арналған семинар өтті

Астанада діни әдебиеттерді сараптауға арналған семинар өтті

0 78

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, «Діни сараптама» бөлімінің ұйымдастыруымен Діни әдебиеттерді сараптау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті.


Аталған шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Нұрғали Қабылов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы МСҰМ директоры Талғат Жәрдемқұлұлы, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы Сансызбай Құрбанұлы, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Дінтану сараптама департаментінің директоры Эльмира Атиғоллақызы сондай-ақ, өңірлерден келген дін саласының мамандары қатысты.

Семинарда діни әдебиеттердің мазмұнын сараптаудың маңыздылығы, қоғам мен рухани қауіпсіздікке әсер ететін діни мазмұндарды анықтау жолдары, сараптамалық және теологиялық біліктілікті арттыру мәселелері қаралды.

Өңірлерден жиналған діни сараптамаға жауапты мамандар семинар аясында діни әдебиеттерді бағалау критерийлері және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдерімен танысты.

Сондай-ақ, шара соңында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай халыққа діни-ағарту бағытында қызмет етіп жүрген бірқатар имамдарды мерекелік медальмен және қатысушыларды арнайы сертификаттармен марапаттады.






















Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.