Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти діни әдебиеттерді сараптауға арналған семинарда баяндама жасады

Бас мүфти діни әдебиеттерді сараптауға арналған семинарда баяндама жасады

0 90

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни сараптама бөлімінің ұйымдастыруымен «Діни әдебиеттерді сараптау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті.


Семинар жұмысына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, өңірлерден жиналған дін саласындағы теолог мамандар мен ұстаздарға баяндама жасады.

«Қазіргі жаһандану дәуірінде діни әдебиеттер тек дәстүрлі жолдармен ғана емес, интернет кеңістігі арқылы да қарқынды таралуда. Бұл жағдай өз кезегінде діни мазмұндағы материалдардың сапасына, мазмұнына әсер етуде. Осы ретте діни әдебиеттерді арнайы сараптамадан өткізудің маңыздылығы артып отыр. Өйткені діни сараптама – ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тұрақтылықты және діни алауыздықтың алдын алуды қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі», – деп атап өтті Бас мүфти.

Айта кетейік, 2021 жылы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ жанынан Діни сараптама бөлімі құрылған болатын. Бұл бөлім бүгінгі таңда қоғамға ұсынылатын діни мазмұндағы әдебиеттерді ғылыми және теологиялық тұрғыда сараптаумен айналысып келеді.







Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.