Тезек төре сақалды кісі екен. Ол бірде тіс шұқитын ағашын қалың сақалының арасына қыстырып қойып, осыны отырғандарға жұмбақтап:
–Анау тұрған тау, тау етегі орман, сол орманда бір ұры тығылып жатыр. Оны қанша кісі барса байлап әкеледі?, – дейді.
Отырған жақсылар әрі ойланып, бері ойланып таба алмай дал болып отырғанда Бөлтірік шешен кіріп келеді.
Ол Тезек төреге:
–Әлгі жұмбағыңызды қайта айтып жіберіңізші, – дейді. Тезек жұмбағын қайта айтады. Сонда Бөлтірік шешен кідірместен:
–Тау дегеніңіз басыңыз ғой, – дейді. Тезек төре басын изейді.
–Тау етегіндегі орман сақалыңыз ғой.
Тезек төреге шешеннің сөзін тағы да мақұлдаған ишара жасайды.
–Жасырынып жатқан жалғыз ұрыңыз тіс шұқитын аршаңыз емес пе, – дейді.
Тезек төре шешенді қостап тағы да басын изейді. Сонда Бөлтірік:
–Мынау бес кісі барса, ол ұрыны ұстап әкеледі, – деп бес саусағын көрсетіпті.
«Қазақтың билері мен шешендері» кітабынан
Sunna.kz