Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ресей мүфтиі әйелдерге арналған бөлек вагон жасау идеясын қолдайтынын айтты

0 1  042

Әйелдерге арналған бөлек метро вагондары қарбалас уақытта ерлер мен әйелдердің тым тығыз байланысын болдырмауға көмектеседі, деп хабарлады «РИА Новости» агенттіге сұхбат берген Мәскеу мұсылмандары діни басқармасының төрағасы мүфти Ильдар Аляутдинов.

«Бүгінгі күннің шындығын ескере отырып, мен бұл бастаманы дұрыс деп есептеймін, әсіресе қарбалас уақытта метрополитенде адамдар көп болатын кезде, вагонда  ерлер де, әйелдер де сығылысып, бір-біріне тиіп кетеді», – деді Аляутдинов. 

Ресей мүфтиі, ерлер мен әйелдерді, әсіресе қарбалас уақытта бөлек вагондарға орналастыруды дұрыс санап, әйелдердің қоғамдық көліктерде ерлерден бөлек вагоны болғанын қолдайды.  «Ислами тұрғыдан алғанда, ер адам күтпеген жағдайларды қоспағанда, бөтен әйелге денесінің ашық жерлерімен қол тигізуге құқылы емес. Мұсылман адам мұны мүмкіндігінше болдыртпауы керек», – деді мүфти.

Жағымды жаңалық, еліміздегі пойыздарда тек әйелдерге арналған купелер пайда болады. Бұл жайында «Жолаушыларды тасымалдау» акционерлік қоғамының бас директоры Петер Штурм «Магистраль Life» бағдарламасында  хабарлаған болатын.  Әйелдерге арналған вагондар мұсылман елдері  БАӘ-де , Мысырда, Түркияда және Иранда бар.  Және мұсылман емес елдерде  Үндістан мен Бразилияда, Жапонияда да енгізілген.  Сондай-ақ, әйелдер купесі ресейлік теміржол вагондарында бұрыннан ұсынылған, және бұл сұранысқа ие.

sunna.kz

  1. Жапониядағы әйелдерге арналған вагон

9 противоречивых фактов о том, каково это быть женщиной в Японии

Зачем в японском метро существуют вагоны для женщин

Зачем в японском метро существуют вагоны для женщин

Женские вагоны метро: необходимость или роковая ошибка?

2. Үндістандағы әйелдерге арналған вагон

Женские вагоны метро: необходимость или роковая ошибка? - Мой отпуск -  медиаплатформа МирТесен

Вагоны для женщин: conjure — LiveJournal

Женские вагоны метро: необходимость или роковая ошибка?

3. Мұсылман елдеріндегі әйелдерге арналған вагон

Женские вагоны метро: необходимость или роковая ошибка?

Женские вагоны метро: необходимость или роковая ошибка?

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.