Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Али Рауыфұлын профессор атағымен құттықтады

Бас мүфти Али Рауыфұлын профессор атағымен құттықтады

0 91

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Дінтану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Али Рауыфұлы Әлмұхаметовты профессор ғылыми атағын алуымен құттықтады.


Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ғылымның дінмен үндестігін ерекше атап өтті. Бас мүфти өз сөзінде ата-бабаларымыздың ғылым мен дінді қатар алып, дін жолында аянбай қызмет еткенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ғылыми атақтың оңайлықпен келмейтінін, ол үлкен ізденіс пен табанды еңбекті талап ететінін жеткізді.

Бас мүфти ғалымның осы жолдағы еңбегіне сәттілік тілеп, алдағы уақытта да жемісті қызмет етуіне, шәкірттерінің көп болып, ілім нұрынан сусындауына тілектестік білдірді.

Айта кетейік, ғалымға «Философия, этика және дін» бойынша профессор атағы берілді.

Кездесу соңында ғалым Али Рауыфұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына ғылымға көрсетіп отырған қолдауы мен қамқорлығы үшін өз ризашылығын білдірді.










Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.