Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Францияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Бас мүфти Францияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

0 88

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге мырзаны қабылдады.


Кездесу барысында Бас мүфти Қазақстанда сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілі татулық пен ынтымақта өмір сүріп жатқанын атап өтіп, қазақ халқының бейбітшілік пен діндер арасындағы өзара сыйластықты басты құндылық ретінде бағалайтынын тілге тиек етті. Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарманың ел мұсылмандарына бағытталған рухани-ағарту, қайырымдылық, халықаралық байланыс сынды ақпараттармен бөлісті.

Өз кезегінде Елші Сильван Гиоге мырза жылы қабылдау үшін алғыс айтып, Қазақстанда қалыптасқан ұлтаралық және дінаралық келісім үлгісін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Кездесу екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға негізделген мазмұнды пікір алмасумен аяқталды.






Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.