Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды

Бас мүфти Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды

0 45

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен бауырлас Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласына барды.


ҚМДБ Төрағасын Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Абдулазиз қажы Закиров арнайы күтіп алды.

Сапар аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркі мемлекеттері ұйымы Бас мүфтилер алқасының мәжілісіне қатысады. Айта кетейік, ертең, 11 қыркүйек күні аталмыш алқаның кезекті VI мәжілісі өтеді. Жиында бауырлас елдердің мүфтилері діни саладағы ынтымақтастықты арттыру, тәжірибе алмасу және ортақ мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр.


Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.