Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Түркі мемлекеттерінің мүфтилері Нақышбандтың мазарын зиярат етті

0 174

Түркі мемлекеттерінің мүфтилері мен араб елдерінен арнайы келген дін басшылары Бұқара қаласындағы дін ғұламасы Баһауддин Нақышбандтың мазарын зиярат етті.

Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Түркіменстан және Тәжікстан елдерінің бас мүфтилері дін ғұламасының рухына Құран бағыштады. Сондай-ақ мүфтилер Баһауддин Нақышбанд мешітінде бесін намазын оқып, түркі елінің тұтастығы үшін дұға тіледі.

Айта кетейік, Баһауддин Нақышбанд – Орталық Азиядағы сопылық ілімнің ірі өкілі, дін ғұламасы. Бұқара қаласында өмірге келіп, тақуалығымен аты шыққан. Сопылық жолын ұстанып, әлемнің әр тарапына Ислам дінін жайған.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.