Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қадірін білуге тиіс бес нығыметтің бірі

0 1  200

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Аллаға сансыз шүкірлер, Оның Елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммедке (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар мен сәлемдер болсын!

Пенденің жаратылудағы мақсаттарының бірі – Аллаға ғибадат ету, әмірлеріне қарсы келмей, Пайғамбарымыздың өсиеттерін тыңдап, тәрбиелі пенде болу. Бұл мақсаттың жүзеге асуы үшін ең алдымен деннің саулығын қажет. Сондай-ақ, Алланың пендесіне берген ең үлкен нығметтерінің бірі – саулық, өмірдің мәні, бейбітшіліктің қайнар көзі және болашаққа деген үміттің кілті.

Осы себепті, дініміз адам денсаулығына үлкен мән беріп, денсаулықты қорғауды талап еткен. Бұл туралы Құран Кәрімде Алла Тағала: « Өзіңді өзің қатерге тігіп тәуекел етпе. Жақсылық жасаңдар. Расында, Алла жақсылық жасаушыларды жақсы көреді» деп бұйырады. Алланың сүйікті пендесі Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Деннің саулығы ең үлкен нығметтерден» деген. Осы тақырыпқа сай көптеген хадистер бар.

Барша мұсылман үмметіне Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ауру келместен алдын, саулықтың қадірін біліңдер» деп, денсаулықтың маңызды екенін ескерткен. Себебі, аурудың алдында денсаулықтың қадірін білу бізді мүмкін болатын аурулардан сақтануға  жетелейді. Сондықтан, денсаулықты сақтау Исламның қорғауға мән беретін қадірлі бес нығыметтің бірі болып саналады (Жоғарыдағы хадистің толық мәтінінде бес нәрсенің қадірін бес нәрседен бұрын білу керектігі айтылады). Бұл дегеніміз, аурулардан сақтану және салауатты өмір сүруге тырысу діни міндетіміз екенін білдіреді.

Беріліп әрі парыздарын толық орындау арқылы ғибадат ете білу денсаулыққа байланысты. Осы себепті басқа бір хадисте: «Мықты мүмін, әлсіз мүміннен жақсы» деп бұйырып, пенденің денсаулығы мен рух саулығының күшті болуын бұйырған.

Сонымен қатар, деннің саулығы үшін ең алдымен тазалық, кейін уақытылы және аз тамақтану. Денсаулығымызды қорғау діни пенделік міндетіміз болғанындай, ауырған жағдайда емделу және ем қабылдау да біздің міндетіміз.

Барлық қажетті болған сақтық шараларын алғаннан кейін ауырып қалса, өз деңгейінде ем қабылдап шыдамдылық танытып, Құдайға дұға ету керек. Сонымен қатар, бұл ауруды сынақ деп біліп, бұрын соңды біліп-білмей жасаған күнәларымның қайтарымы деп білуі керек.

Осыған байланысты, сүйікті Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылман қандай да бір ауруға шалдықса, ағаштың күзде төгілген жапырақтары сияқты, Алла оның қателіктері мен күнәларын төгіп тастайды» деп, сабырлылық пен шыдамдылыққа шақырған.

Сүйікті Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Пендеге берілген екі теңдессіз нығмет бар, адамдар оның қадірін барында білмейді. Олар – денсаулық және бос уақыт» деп барша мұсылмандарды ескерткен.

Алла біз бен сізді, Аллаға кемел түрде құлшылық жасауымызды және де деніміздің сау болуын нәсіп етсін.

Рүстем Рахмыберді

«Сәдуақас қажы Ғылмани»

мешітінің азаншысы.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.