Бас Мүфти:
Арыстағы жарылыс кезінде 165 адам жарақаттанған. Оның 15-і жансақтау бөлімінде жатса, тоғызының қалі нашар.
Денсаулық сақтау министрі науқастарға Алматыдағы ғылыми-медициналық орталықтан екі мобильдік топ көмекке келгенін мәлімдеген. Бәрінің жағдайы мемлекеттік бақылауда.
Бүгін мерт болғандардың саны үшеуге жетті. Алла Тағала алдарынан жарылқасын, отбасыларына сабыр берсін деп тілейміз.