Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жапониядағы мешітте коронавирусқа қарсы екпе алу пункті ашылды

0 990

Жапония астанасы Токио қаласының жанында орналасқан Эбина қаласының (Канагава префектурасы) билігі қаладағы мешітті сол жердегі шетелдіктерге коронавирусқа қарсы екпе салу орны ретінде пайдалана бастады, деп хабарлайды «NHК» агенттігі.

Кейбір шетелдіктер жапон тілінде дәрігердің қабылдауына алдын ала жазыла алмайтындықтан, мешітте арнайы мамандандырылған емдеу орталығы құрылды. Шетел азаматтары арнайы сайтқа кірмей-ақ, мешітте келіп, екпе салдыра алады. Қазірдің өзінде осы мешіт арқылы алпыстан аса шетел азаматы аудармашы арқылы дәрігермен кеңесіп, коронавирусқа қарсы екпе алған. Ал, мұсылман қыз-келіншектер  үшін екпе алу пунктінде арнайы бөлме дайындалған.

Қала мэрі Масару Ушиноның айтуынша, мұндай тәсіл екпеге  қатысты тілдік кедергілерді жояды.

 sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.