Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Имамдар алаңы» бағдарламасы ашылды

0 1  022

28 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Шымкент қаласы орталық мешіті жанынан «Имамдар алаңы» имандылық бағдарламасы көрерменге жол тартты, деп хабарлайды Шымкент қаласы бойынша өкілдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Бұл бағдарлама Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Жоба жетекшісі әрі iman.kz сайтының әкімшісі Азамат Әбдікермұлының айтуынша, бағдарламаға ЖАНТ мүшелерінен құралған білікті һәм елге танымал имамдар іріктеліп алынды.

Әр бағдарламада ҚМДБ-ның шығарған пәтуалары, түрлі ағымдардың алдын алу, дін мен дәстүр, руханият, жастар тәрбиесі т.б өзекті тақырыптар арқау етіледі. Бағдарламаның толық нұсқасы Instagram және YouTube желілері арқылы таралуда.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.