Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жылқы етін жеуге бола ма?

0 6  524

Сұрақ: Ассалаумағалайкүм! Соғым маусымы басталғалы бері жиі қойлып жүрген бір мәселені сұрайын деп едім. Жылқы етін жеуге бола ма, болмай ма?

Жауап: Уағалайкүм әссәләм. Өте өзекті сауал.

Ғалымдарымыздың көп бөлімі жылқы етін жеуге қатысты Жабир ибн Абдулла (р.а.) атты сахабадан жеткен мына хидисті дәлел ретінде келтіре отырып адал екенін айтады. Ол хадис мынау:

«Алла елшісі (с.ғ.с.) Хайбар (қамалын алуға бағытталған соғыс) күні есектің етіне тыйым салып, жылқы етін жеуге рұқсат етті»[1].

Басқа хадистерде тіпті Алла Раулулла (с.ғ.с.) көзі тірісінде жылқы еті желінгені айтылады. Мәселен, Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.) Алла елшісі (с.ғ.с.) дәуірінде Мәдина қаласында тұрғанда бір жылқыны сойып жегендерін айтса[2], Жабир ибн Абдулла (р.а.) Алла елшісімен (с.ғ.с.) бірге сапарға шыққанда жылқының етін жеп, сүтін ішкенін еске алады[3].

Қасиетті Құран Кәрімде: «Жылқы, қашыр және есек – мінулерің үшін және сән үшін (сендерге берілді)», – делінген[4]. Алайда, бұл аят оның етін жеуге болмайтынын білдірмейді. Осы аятты жақсы білген бабаларымыз көшкенде жылқы мініп, ас-тойларда, топты орталарда жылқыны мініс көлігі ретінде пайдаланған.

Аталған аятқа қатысты ҚМДБ-ның Пәтуа бөлімінің үкімінде «…Бәлкім оны жеумен қатар міну, жүк тасу секілді басқа да мақсаттарға, қажеттіліктерге қолдануға болатындығын ұғынамыз. Өйткені бір істің көбін пайдалану жағын айту, оның басқа тұстарын қолданбайтынын білдірмейді. Сонымен қатар, өзге үй жануарлары секілді жылқының сілекейі де шариғатта таза саналады[5]. Ал сілекейдің үкімі жануардың етіне байланысты беріледі. Сондықтан жылқы етіне «тахрими мәкрух» деп үкім берілуі еттің нәжіс болғаны үшін емес, басқа мақсаттарда (міну, тасымалдау т.б.) пайдасы басым болғаны үшін, деп түсіндіріледі.  Шариғат кітаптарында Әбу Ханифаның «жылқы етін жеу тахрими мәкрух» деп айтқандығының себебі де осыдан. Бұл – оның жылқы еті жайында ең әуелгі айтқан пәтуасы. Бірақ, өліміне үш күн қалғанда ол пікірін өзгерткен, яғни жылқы етін тәнзиһи (халалға жақын) мәкрух деген сөзге тоқтаған, делінеді»[6].

Түркияда шыққан пәтуа кітаптарында ислам тарихында Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед (р.а.), сондай-ақ шафиғи мен ханбали мәзһабтарының өкілдері жылқы етін жеуге толық рұқсат еткені айтылады[7].

sunna.kz

___________________

[1] Бухари, Муслим

[2] Бухари

[3] Даруқұтни, Бәйһақи

[4] «Нахл» сүресі, 8-аят

[5] «Фатху баб әл-ғиная», 1/276

[6] «Хашияту Ибн Абидин», 6/616

[7] «Din işleri yüksek kurulu, Fetvalar», 517 бет

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.