Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жолдас Қоспақұлы: Мазһабтың маңыздылығы

0 1  698

Нұр-Сұлтан қаласы «Ғылмани» мешітінде ҚМДБ Павлодар облысының өкіл имамы, елімізге белгілі исламтанушы Жолдас Қоспақұлымен келелі кездесу болды. Айтылмыш игі жиында ұстаз «Мазһабтың маңыздылығы» тақырыбында тағылымды уағыз-назихат айтты. Сонымен қатар, фитнадан (бүліктен) аулақ болуды және әр қашан ауызбірлікте болудың маңыздылғы жайында Пайғамбар (с.ғ.с) өсиеттерінен өнегелі мысалдар келтірді.

«Усул ғұламаларының барлығы «муқаллид» деп қарапайым халықты атаған. Себебі, олар мәтіндерге үңіліп, өздігінен ижтихад жасай алмайды. Сондай-ақ, ижтихадқа қатысты кейбір ілімдерді үйренген, бірақ ижтихад жасау дәрежесіне жетпеген ғалымды да муқаллид санатына қосқан. Аталмыш екі санаттағы адамдардың әрқайсы тақлид жасаушы, яғни өзге мужтахидке еруші болуы керек. Дінде асыра сілтеушілер «мазһабқа ермеу керек» дейді. Мұндай сөздің астарында діни дәлелдерден үкім шығаруға шамасы келмейтін адамды ижтихад жасауға мәжбүрлеу жатыр. », – дейді, РАНТ мүшесі Жолдас Қоспақұлы.

(Уағыздың толық видеонұсқасын алда сайтымыздан және youTobe каналымыздан көре аласыздар).

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.