Жексенбі, 11 қазан 2026 ж. 30 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:26
Бесін 12:06
Екінті 15:44
Ақшам 17:36
Құптан 19:01
Жаңалықтар

БАС МҮФТИ АУРУХАНАДАҒЫ АРЫС АЗАМАТТАРЫН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

27 мау 2019 2 137 рет оқылды
БАС МҮФТИ АУРУХАНАДАҒЫ АРЫС АЗАМАТТАРЫН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)
ҚМДБ Төрағасы Серікбай Ораз Шымкентке жеткен бойда, тіке облыстық ауруханаға тартты. Арыстықтардың қал-жайын сұрасып, аз-кем сұхбаттасты.

Бас Мүфти:

“Бір ғана отбасыға емес, ұлтқа түскен сынақ болды. Аллаға шүкір, ауызбіршілік, ынтымағымыз бар екен, халық көтеріп те, бөлісіп те жатыр. Аман-есен айығып кетулеріңізге тілектеспіз. “Ауырып тұрдың – аунап тұрдың” деген бар. Әлі-ақ бәрі де ұмытылып кетеді. Бала-шағаларыңыздың, еліміздің несібесі үшін аман болыңыздар”,- деді.

Арыстағы жарылыс кезінде 165 адам жарақаттанған. Оның 15-і жансақтау бөлімінде жатса, тоғызының қалі нашар.

Денсаулық сақтау министрі науқастарға Алматыдағы ғылыми-медициналық орталықтан екі мобильдік топ көмекке келгенін мәлімдеген. Бәрінің жағдайы мемлекеттік бақылауда.

Бүгін мерт болғандардың саны үшеуге жетті. Алла Тағала алдарынан жарылқасын, отбасыларына сабыр берсін деп тілейміз.