Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ИМАН ЖӘНЕ ҰЯТ

0 11  406

Жәбірейіл алейһиссалам ақыл, ұят және иманды Адам алейһиссаламға әкеліп былай деді:

-Ей Адам! Алла тағала саған сәлемін айтты. Алып келген мына үш сыйлықтың бірін қабыл алуыңды бұйырды. Адам алейһиссалам:

-Әкелген бұл үш сыйлықтың ішінен ақылды қабыл алдым. Жабрейіл алейһиссалам иман мен ұятқа қарап:

-Сендер бара берсеңдер болады,-дейді.

Сонда Иман оған:

– Алла тағала маған ақыл қайда қалса, сен де сонда қал деп бұйырған. Сондықтан мен ақылдан айрылып кете алмаймын!

Ұят та:

–  Алла тағала маған да дәл солай бұйырған. Мен де ақылдан айрылып кете алмаймын! Алла тағалакімге ақыл берсе, ұятпенен иман онымен бірге болады. Ақылы болмаған адамның ұятыда да, иманы да болмайды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.