Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешітте сенбілік өтті

0 1  511

16 қыркүйек. Астана. Sunna.kz – Бүкілқалалық сенбілік аясында, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде сенбілік өтті.

Бас қаланың ажарлы дидары – еліміздің мақтанышы. Елорданың тазалығы әрбір астаналық үшін маңызды. Бүгін қала әкімшілігінің ұйымдастыруымен бас шаһарда бүкілқалалық сенбілік ұйымдастырылды. Астананың тыныс-тіршілігіне қатысты игі шарадан «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті де қалыс қалмады.

«Тазалық – иманның жартысы». Қоршаған ордан жан тазалығына дейін аса маңыз беріп қарауды дініміз қуаттайды, шариғатымыз дәріптейді. Сондықтан да, мұндай дәстүрлі шараға мешіт қызметкерлері мен жамағаты атсалысты. 

Жылдағы үрдіс бойынша имамдар бастаған, басқа да мешіт қызметкерлері мен мешіт жамамғаты жиылып, ауланы тазартып, жұма күндері жамағатымызға «жайнамазы» болған көгалдар мен тас кілемдердің ажарын ашып, құлшылық ордасының күзгі көркіне сән қосты. 

Іс-шараға мешіт имамдары, кезекші молдалар мен sunna.kz сайтының қызметкерлері мен мешіт жамағаты қатысып, әсем қаламыздың таза да тартымды, көркем де көрікті болуы өз үлестерін қосты. 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.